БКС

Қош келдіңіздер!
Добро пожаловать!
БАЛҚАШ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІНІҢ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! .......................................................................... WELCOME TO THE OFFICIAL SITE OF COLLEGE OF SERVICE BALKHASH! .......................................................................... ДОБРО ПОЖАЛОВАТЬ НА ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ КГУ БАЛХАШСКИЙ КОЛЛЕДЖ СЕРВИСА!
Негізі бет » 27.02.2020 жылы Балқаш сервис колледжінде әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, муз
07:24
27.02.2020 жылы Балқаш сервис колледжінде әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, муз

27.02.2020 жылы Балқаш сервис колледжінде әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Әл-Фарабидың туғанына 1150 жыл толуы қарсаңында “Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы” атты дөңгелек үстел өтті.
Бұл іс шараның мақсаты студенттерге Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фарабидің өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын айтып жеткізу және шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу болды. Отырысқа колледжіміздің 1 курс студенттері қатысты. Аталған тақырыпта презентация беріліп, баяндама жасалып, Әбу Насыр Әл–Фарабидің өмірімен, шығармашылығымен таныстырды. Мағлұматтарды есте сақтау үшін сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.
Қатысушыларға “Әл-Фараби – өркениет философы” атты бейнебаян көрсетілді. Сонан соң студенттердің өз ойларын ашық, анық айту мақсатында ортаға ортақ тақырып қозғалды.
Сонымен, Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өзі көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды Әл- Фараби - деп филология ғылымдарының магистры Тойганбаева Асел Мухаметоллақызы дөңгелек үстелді қорытындылады

На изображении может находиться: 2 человека

Қаралды: 37 | Автор: mukashbekovat | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar

Пайдалы сілтемелер