Негізі бет » Совет әскерлерін Ауған аумағынан шығарылуына – 31 жыл.
10:04 Совет әскерлерін Ауған аумағынан шығарылуына – 31 жыл. |
Совет әскерлерін Ауған аумағынан шығарылуына – 31 жыл.
Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Аталған тарихи күнге арнап, Балқаш сервис колледжінде ақпанның 14 жұлдызында меркелелік кездесу өтті. Кездесуге ауған соғысы ардагері Миглазов Игорь Владимирович қонақ болып шақырылып, бастарынан өткен оқиғаларын жас ұрпақтарға баяндап берді. Ауған соғысы жайында қысқа метражды фильм көрсетіліп, студенттер мен оқытушылар ән орындап, құттықтауларын жолдады.

|
Қаралды: 46 |
Автор: mukashbekovat
| Рейтинг: 0.0/0 |